$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде парақоры көп министрліктердің тізімі жарияланды

Көш басында Ішкі істер министрлігі тұр. Оның 151 қызметкері пара алып жатқанда қолға түскен.
фото: jasqazaq.kz
фото: jasqazaq.kz

Қазақстанда жемқорлық азаймай тұр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің берген ақпаратына сай, биыл 7 айдың ішінде 541 адам осындай қылмысы үшін сотталған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Көш басында Ішкі істер министрлігі тұр. Оның 151 қызметкері пара алып жатқанда қолға түскен. Көбіне жол-патрульдік полициясының жол ережесін бұзғандарға әкімшілік жаза қолданбаған, жалған жүргізші куәлігін бергені үшін «бармақ басты, көз қыстылыққа» барған.

Екінші орында Қаржы министрлігі, одан соң Ауыл шаруашылығы, Қорғаныс және Денсаулық сақтау министрліктері тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары