$ 494.87  520.65  4.91

Таразда тәртіп бұзған 133 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Биылғы жыл басынан бері есепте тұрған 4002 азаматтық қару иелерінің бар болғаны 2927-сі ғана тексеруден өткен.
фото: 7kun.kz
фото: 7kun.kz

Тараздық полицейлер азаматтық қару иелерін тексеруде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараз қалалық полиция басқармасы лицензиялық рұқсат беру жүйесі қызметкерлерінің жүргізген жұмысының нәтижесінде, биылғы жыл басынан бері есепте тұрған 4002 азаматтық қару иелерінің бар болғаны 2927-сі ғана тексеруден өткен.

«133 қару иесі ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы («Азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау ережелерін бұзу»), ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы («Қаруды тіркеу тәртібін бұзу») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Тараз қалалық полиция басқармасы қару иелерінен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық бақылау және қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды», - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары