$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда иттер зорланған мекеменің басшысы жұмыстан қуылды

Елорда әкімінің тапсырмасымен қараусыз қалған хайуанаттарға қатыгездік таныту фактісі бойынша, тәуелсіз сараптама жүргізіледі.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Елордада иттер зорланған «Астана Ветсервис» мекемесінің директоры жұмыстан босатылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен жүргізілген қызметтік тексеру кезінде «Астана Ветсервис» директоры жұмыстан босатылды. Елорда әкімінің тапсырмасымен қараусыз қалған хайуанаттарға қатыгездік таныту фактісі бойынша, тәуелсіз сараптама жүргізіледі. Кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылатын болады», - делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтанда зорланған төрт ит табылған еді. Кейін анықталғандай, иттерді қорлағандардың өз әрекеттерін видеоға түсіргені белгілі болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары