Ел азаматтарына зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін шешіп алуға рұқсат берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді бүгін Мәжіліс депутаттары мақұлдап, заң қабылданды. Енді құжатқа Президент қол қойған соң 700 мың шақты азаматымыз қордағы ақшасының бір бөлігін ала алады. Оның 500 мыңы жұмыс істейтін тұлға болса, 180 мыңдайы зейнет жасындағы адамдар.
Естеріңізге сала кетейік, қордағы қаржы адамның жас ерекшелігіне байланысты әртүрлі көлемде беріледі.