$ 494.87  520.65  4.91

Жанашырлық танытудан жалыққан емес

Полиция департаментінің басшылығы полицияның жұмысы туралы тұрғындардың пікірін жоғары бағалайды.
фото: polisia.kz
фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлерінің ел тұрғындарына жасап жатқан қарапайым жақсылықтарының саны өлшеусіз. Тек олар айқайлап айтылып, жарияға жар салып жасалмайтындықтан оның көбі елеусіз қалып жатады. Тіпті ол ізгі істердің көбісі олардың адресіне айтылып жатқан сынның көлеңкесінде қалып қоятыны да жасырын емес. Осы орайда Skifnews.kz ақпараттық порталы тәртіп сақшылары көрсеткен ең қарапайым, бірақ маңызды көмектерге тоқталып көрмек.

Қамқорлығын аяп қалмады

Еліміздегі соңғы жылдары белең алған дүрбелеңге салған дерттің әсерінен ел тұрғындары аз зардап шеккен жоқ. Үнемі үміт пен күдік, сенім мен қорқыныш арасында ғұмыр кешуде. Карантинге байланысты қойылған қатаң шектеулермен қатар, сақтану керек қарапайым ережелер де бар екені рас. Осы орайда,  аталған жайтқа бей жай қарамай, барынша көмек қолын созып, тұрғындардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап жүрген тәртіп сақшыларының да еңбегінің үлесі шексіз.

Атап айтсақ, 2 тамызда Қаратау аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындары мен көлік жүргізушілеріне медициналық бетперделер таратқан болатын. 
Тәртіп сақшылары тұрғындарға пандемиямен күресте және коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін санитарлық ережелерді және барлық сақтық шараларын сақтау маңызды екенін тағы да түсіндірді. Шара барысында полицейлер 500 -ден астам маска таратты. Көрсетілген көмекке тұрғындар ерекше алғысын жеткізген болатын.

Бауырын табуға көмектесті

102 желісіне Қордай көшесінің бойында өзінің тұрғылықты жері есінде жоқ жас жігіт жүргені туралы қоңырау түседі. Бұл азаматтың басындағы мән -жайды анықтау үшін ол тәртіп сақшыларының көмегімен ең жақын маңдағы бөлімшеге жеткізілді. Тексеру кезінде оның туыстары іздестіріліп, оның отбасы туралы да ақпарат анықталады. Кейін белгілі болғандай, жас жігіт ағымдағы жылдың 27 шілдесінде үйден шығып, қайтып оралмаған.

 - Мен інімді тауып, оны арнайы бөлімшеге жеткізген Рустам Әмірбаевқа ризашылығымды білдіргім келеді. Сонымен қатар ол жақын туыстарды іздестіру арқылы маңызды қадамға барды. Осылайша мен бауырымды аз уақыт ішінде таптым. Үлкен рақмет! Бұл Алматы облысының № 2 бөлімшесі, мен оларға шексіз ризашылығымды білдіргім келеді. Рақмет, азаматтар! Егер олар  көмектеспегенде, мен інімді қанша уақыт іздейтінімді тіпті елестете алмаймын», - дейді ер адам өзінің бейне хабарламасында.

Полиция департаментінің басшылығы полицияның жұмысы туралы тұрғындардың пікірін жоғары бағалайды және қызметкерлерге айтылған алғыс сөздері мен олардың жұмысына жоғары баға бергені үшін шынайы ризашылығын білдіреді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары