$ 494.87  520.65  4.91

«Полицей болғым келеді!»: Александрдің арманы

Айта кетсек, №4 балалар үйінде Александрдың үш қарындасы тәрбиеленіп жатыр.
фото: polisia.kz
фото: polisia.kz

«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» деген қазақ тәмсілі бекер айтылмаса керек-ті. Бала кездегі арманның кіршіксіз таза әрі оның орындалатынына деген сенімнің күшті болатыны қандай ғажап?! Бойында ізгілік пен мейрімнің нышаны бар кез келген бала өскенде өзгелерге көмек пен игілігін тигізетін маман иесі болғысы келетіні жасырын емес. Айналасына шарапатын тигізіп, елдің алғысына бөлену арқылы өз кәсібіңнің маңызын сезінуден асқан бақыт бар ма? Skifnews.kz ақпараттық порталы да осындай ізгі ойды мақсат тұтқан үлкен жүрек иесі туралы айтып бермек.

Талабы таудай жас жігіт

Шымкенттік балалар үйінің тәрбиеленушісі Александр Речинский ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түсіп, тәрбиешілерімен қатар әрқашан олардың жандарынан табылатын тәртіп сақыларын да қуанышқа бөлеуде.
Сайрам тұрғын алабында орналасқан No4 балалар үйінің тәрбиеленушілері 2019 жылдың басынан бастап, Шымкент полиция бөлімінің бастығы Ералы Жұмаханбетовтың қарамағындағы бақылауда болған еді. Үш жылдан бері полицейлер балаларға жан -жақты көмек көрсетіп, қолдау көрсетіп келеді. Әр мерекеде полиция қызметкерлері балаларды назардан тыс қалдырмайды. Осы уақыт ішінде тәртіп сақшылары балаларға арналған көптеген ойын-сауық, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырған.

Сондай -ақ, балалар үйінде спорттың бірнеше түрінен үйірмелер ашылды, онда тәрбиеленушілерге полиция қызметкерлері арасынан жаттықтырушылар сабақ берді. Нәтижесінде балалар республикалық спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Полиция оларға жарқын болашаққа дұрыс жолды таңдауға көмектеседі. 
Олардың қатарында жазбамыздың басында тілге тиек еткен жас талапкер балалар үйінің түлегі Александр Речинский де бар. Ол оқуға қабылданған қуанышты сәтінде:

- Мен бізге қамқорлық көресетіп жүрген барша полиция қызметкерлеріне, соның ішінде Ералы Жұмаханбетов мырзаға ерекше алғысымды білдіргім келеді. Сіздер бізді ешқашан ұмыт қалдырған емессіздер. Үнемі қолдау көрсетіп, көмектесуге дайын тұрасыздар. Бұл қамқорлықтарыңыз бен жанашырлықтарыңызды ұмытпауға уәде беремін. Сіздер жай ғана жақсы адам, өз ісін сүйетін маман ғана емес, бізге асқар таудай аға, үлгі тұтар кумир бола білдіңіздер. Мен де болашақта сіздер сияқты полицей қызметкері болып, қарапайым жандарға көмектесіп, заңсыздықтарды жоюға үлес қосқым келеді. Барлығы үшін рақмет, алғысым шексіз! – дей отырып, полиция қызметкері болғысы келетінін, адамдарды қорғауды, оларға көмектесуді және құқық бұзушылықты тоқтатуды қалайтынын жеткізген еді.

Шымкент Полиция басқармасының қолдауымен ол ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түсті. Кафедра ұжымы Александр Речинскийді университетке қабылдануымен құттықтады.

Айта кетсек, №4 балалар үйінде Александрдың үш қарындасы тәрбиеленіп жатыр. Жас жігіттің айтуынша, ол Ералы Мұсаәліұлы өзіне үлгі болғаны сияқты, ол да өз бауырларына солай үлгі болғысы келеді. Ол балалардың барлығын жарқын болашақ күтетініне сенімді. 

Саша полиция қызметкерлерінің балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін алып қорған болғанын мойындайды. Жас жігіт Ералы Мұсаәліұлына көрсеткен қамқорлығы, берген мүмкіндігі үшін ризашылығын білдіреді және Отанға абыроймен қызмет етуге және сенімді ақтауға уәде берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары