Астанадағы медициналық университеттің 6-курс студенті Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деп айыпталған үш жігітке сот үкімі шықты. Бір жарым айға созылған сот процесіне бүгін нүкте қойылды деп жазады Informburo.kz.
Астанада айуандықпен өлтірілген медуниверситеттің студенті Ерасыл Әубәкіровтің анасы соттың әділ өтетініне сенбейді. Құқық қорғау органдары басты күдікті Аян Мейірбаевты жәбірленуші етіп шығарған сәтте бәрінен үмітімді үздім дейді ол. Марқұмның анасын бүгін сот отырысының алдын ала тыңдауларына кіргізбей қойған. Процесс жабық режимде өтеді деп журналистерді де сот залының есігінен қайтарыпты.
Елордалық 23 жастағы студент Ерасын Әубәкіровті өлтіру ісі бойынша күдіктілердің бірі Нұрбек Әжімбайдың мүддесін қорғайтын адвокат Ерлан Ғазымжанов істің аудио және видеоматериалдарын алатын болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанада айуандықпен өлтрілген медуниверситет студенті 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған 4 адамның есімдері белгілі болды.
Осыдан бірнеше күн бұрын айуандықпен өлтірілген Астанадағы медуниверситет студенті Ерасыл Әубәкіровтің ісіне қатысты басты күдікті деп танылған Аян Мейірбаевтың әкесі Есен Мейірбаев өз ұлының кінәсін тек заң органдары ғана анықтайтынын айтып отыр. Бұл жайында ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған үш азаматтың бірін қамауға алды. Бұл жайында Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Астанадағы медициналық университеттің 23 жастағы студенті Ерасыл Әубәкіровті айуандықпен өлтірген күдіктілердің бірі прокурор емес және бұрын да прокурор болмаған деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.
Осыдан бір апта бұрын жоғалып кеткен 23 жастағы медициналық университеттің студенті Ерасыл Әубәкіровтың өлі денесі табылды деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада Медициналық университеттің 6-шы курс студенті 23 жастағы Ерасыл Әубәкіров жоғалып кетті. Бұл ақпаратты әлеуметтік желілерде Ерасылдың досы Диас таратуда деп жазады Tengrinews.kz.