Соңғы жаңалықтар

Жазушылар одағы
Белгілі ақын Жәркен Бөдеш өмірден озды

Белгілі ақын Жәркен Бөдеш өмірден озды

Ақпаратты Қазақстан Жазушылар одағы растап отыр.

Алматыда Қазақстан жазушылар одағының 85 жылдығы аталып өтті

Еліміздің Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаев пен Алматы әкімі Б.Сағынтаев жазушылар қауымдастығының рөлі мен маңызы туралы құттықтау сөздерін айтты.

Алматы әкімі Жазушылар одағының мерекелік Пленумына қатысады

Пленум Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 85 жыл толуына орайластырылып отыр.

«Рухани жаңғыру»: қаламгерлер бағдарлама аясында марапатталды

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, келесі айда тағы 60 қаламгерге қаржылай гранттар табысталатын болады.

Үкімет әдебиет академиясын құруға ниет танытты

Ел билігі Әдебиет академиясын құруға ниет танытты. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразы топ Шахановты Жазушылар одағынан шығармақ

Бүгін Қазақстан Жазушылар одағына «Шаханов дауына» байланысты наразы топ арнайы мәлімдемемен келді. Жамбылдың ұрпақтары мен ақын мұрасын құрметтеушілер, өзге де оқырмандар мен жеке тұлғалардың қояр талабы біреу-ақ: Даңқты ақынның аруағына тас атып, рухын, жырын қорлауға жол берілмесін!

«Бас шұлғып үйреніп қалған депутаттарға жазушылардың айқай-шуы бір түрлі көрінді ме?»

Осыдан бірер күн бұрын Алматыда Жазушылар одағының құрылтайы өтіп, одаққа жаңа төраға сайланған болатын. Аталған жиын әдеттегідей емес, айқай-шумен өтті. Елімізге танымал ақын-жазушылар экс-төраға Нұрлан Оразалинге қандай да бір құрмет көрсетілуіне қарсы шығып, оның 22 жыл бойы түк бітірмей, жағымпазданумен өткенін ашып айтты.

Мұхтар Шаханов: Оразалин биліктегі басшылардың туфлиін керемет шеберлікпен жалады

Бүгін еліміздің Жазушылар одағына бүгін жаңа басшы келгені туралы жазған болатынбыз. Еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған қаламгерлер кезекті 15-ші құрылтайға жиналып, бұл орынға белгілі ақын Ұлықбек Есдәулетті лайықты деп тапты. Ал одақты табаны күректей 22 жыл басқарған Нұрлан Оразалинге "құрметті төраға" қызметі ұсынылуы керек болған. Алайда, әбден мезі болса керек, қаламгерлер Оразалинге ол орынды да қимай, қиғылық салды.