$ 447.4  477.55  4.76

Түркия президенті отставкаға кететінін мәлімдеді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкараның ДАИШ террорлық ұйымынан мұнай сатып алды делінген дерек расталса орынтағынан кететінін тағы да бір рет мәлімдеді. 

«Егер Түркия Ислам мемлекетінен мұнай сатып алды деген дерек расталса, мен президент орнын босатамын. Бізге жала жауып отырғандар бірінші кезекте Ресейдің адамдары, - олар өз орынтақтарынан кете ала ма?», - деді түрік президенті Бурсада. Ердоғанның айтуынша, егер Түркия лаңкестердер мұнай сатып алса ол бабалар мен ұрпақтардан ұятты болатынын айтты. 

Сонымен қатар, Түркия президенті террорлық топтан мұнай сатып алу жөніндегі келісімдерді жасады деп тағы да бір рет Ресей азаматын айыптады, айтуынша, ол шахмат федерациясын басқарады екен, алайда аты-жөні аталмады.  

«Орыстарда шахмат федерациясының белгілі төрағасы бар. Ол Ислам мемлекетінен мұнайды сатып алып, оны әлем нарығында саудалайды. Бұл туралы құжаттар АҚШ-тың қаржы министрлігінде бар, біз болсақ бабаларымыз бен ұрпақтарымыздың алдында ұятқа қалғымыз келмейді», - деп мәлімдеді Ердоған. 

Сондай-ақ, Ердоған Ресей президенті Владимир Путиннің 17 желтоқсанда үлкен баспасөз мәслихаты кезінде Сирияның солтүстігіндегі түркмендер жайлы ештеңе білмегені туралы мәлімдемесіне жауап қайырды. Ердоғанның айтуынша, деп хабарлайды РИА Новости, ол өзінің ресейлік әріптесіне түркмендер жайлы мәлімет берген. 

«Ресейлік тарап түркмендер жайлы ештеңе де білмегенін айтады. Олай емес. Мен құрметті Путинге Байырбуджакта «Ислам мемлекеті» жоқ, онда түркмендер бар деп өз басым айтқанмын. Қазір түркмендерді өлтіріп жатыр. Олар біздің шекарамызға келіп, өлсе де өз жерлерінде қалатынын айтты. Мен мұның барлығын түсіндірдім», - деді Ердоған дүйсенбі күні NTV телеарнасының эфирінде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары