Сондай-ақ премьер-министр Бас прокуратураға елдегі бірқатар энергетикалық объектілерді жекешелендірудің негізділігіне қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Қарағандының бірқатар экс-шенеуніктеріне қатысты сот процесі өзгеше бағыт алуда. Экс-премьер-министр Серік Ахметов кешегі сот отырысында Қарағанды көшелерін жөндеген «Сталь-Цинк» фирмасына ешқандай қатысы жоқтығын мәлімдеді.