Солтүстік Қазақстан облысында «Серпін» бағдарламасымен біліп алып жатқан жастардың көбі орыс тілін жетік білмеуіне байланысты жұмыссыз қалуы мүмкін. Оңтүстіктен келіп, дені мұғалім мамандығын игерген олар тек қазақ тілінде сабақ бере алады екен. Ал өңірде қазақша мектептердің саны тым аз. Барының өзі тым шалғай ауылдарда.
Батыс Қазақстан облысындағы атышулы Березовка ауылын көшіру барысында алаяқтық әрекеттер көбейген. Яғни ауылға адамдарды заңсыз тіркеу жиілепті деп жазады KTK.
Соңғы жылда Қазақстанды тастап, шет мемлекеттерге өмір сүру үшін кетіп жатқан ел тұрғындарының саны күрт артып отыр. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, екі мыңыншы жылдардың басында Қазақстаннан кеткен азаматтар саны жыл сайын кеміп отырған. Ал, соңғы екі жылда бұл көрсеткіш қайта өсіп келеді.
Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап шетелдерде тұратын миллиондаған қандасымызды туған елге қайтару бағытында ұтымды көші-қон саясатын жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде осы жылдары Қазақстан Республикасы 944 мыңнан астам ағайындарды қабылдады, қазіргі уақытта олардың саны елдегі халықтың жалпы санының 5,5%-ға жуығын құрайды.