«Мемлекеттік қызметте қолға алынған жаңа механизм бойынша командалық ауысу тоқтатылып, тек кейбір саяси қызметкерлер үшін «кеңесшілерін, көмекшілерін және баспасөз хатшыларын» ғана өзімен бірге алып жүру рұқсат етіледі» дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Берік Бекжанов.
Парламент Мәжілісі 4-сессиясының бірінші отырысында депутаттар шұғыл деп жарияланған екі заң жобасын жұмысқа қабылдады. Олар мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелерін көздейді, деп хабарлайды Skifnews.kz.