«Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмінің шығармашылық тобы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың қабылдауында болды. Бұл фильм Қазақ хандығының -550 жылдығына байланысты арнайы түсірілген фильмінің жалғасы.
21 наурыз күні «Қазақ хандығы» сериалының кинонұсқасы - «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі жалпыұлттық прокатқа шығады деп хабарлайды «Қазақфильм».
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай (2015 жылы) көрсетілуі тиіс болған көркем фильмді қазақстандықтар араға 2 жыл салып, биыл ғана тамашалаған болатын. Қаржының жоқтығын сылтауратып, түсірілімді екі жылдай уақытқа созып алған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы енді Кейкі батыр туралы картинаға кіріспекші. Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында жазды.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен режиссер Рүстем Әбдірашев Қазақ хандығы туралы фильмді түсіріп бітіре алмай жатқанда шымкенттік аниматорлар "Қазақ елі" деген атаумен жаңа толықметражды мультфильмнің тұсауын кесті.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі британдық «SUPERB FILMS CORPORATION LIMITED» кинокомпаниясымен бірігіп, Иса пайғамбар жайында екі деректі фильм және Шыңғыс хан туралы көркем фильм түсірмекші. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.
Былтыр Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігі көпсериалы көркем фильм түсіретіндігін мәлімдеген болатын. Алайда, жыл ортасына келген тұста министр Арыстанбек Мұхамедиұлы қаржылай қиындықтарға байланысты тележобаның бірнеше сериасы қысқаратыны туралы айтты. Тіпті, жетпеген қаражатты өзі жұрттан жинап, 2015 жылдың желтоқсан айына дейін айтулы телесериалды көрерменге көрсетуге уәде еткен.