$ 439.43  473.31  4.82

«Қазақ хандығы» телехикаясын Түркия мен Қытай компаниялары сатып алды

Бұл жобалар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен, «Қазақфильм» киностудиясында Сentaurus Rustem Abdrashev production компаниясының қатысуымен түсірілген.
фото: kazakhfilmstudios.kz
фото: kazakhfilmstudios.kz

Отандық тарихи кинотуындылар Түркия және Қытай елдерінде көрсетіледі. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазақфильм" АҚ хабарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Режиссер Рүстем Әбдіраштың «Алмас қылыш» (2017), «Алтын тақ» (2019) көркем фильмдерін және «Қазақ хандығы» тарихи телехикаясының екі маусымын Түркия (“Duru Filmcilik”) және Қытайдың (“Magic Fair”) дистрибьютерлік компаниялары сатып алды.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы «Алмас қылыш» фильмінің көрсету құқығын Оңтүстік Кореялық Amadeus компаниясы сатып алған болатын.

Бұл жобалар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен, «Қазақфильм» киностудиясында Сentaurus Rustem Abdrashev production компаниясының қатысуымен түсірілген.

Көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының желісі бойынша түсірілген «Қазақ хандығы» жобасы XV ғасырдағы көшпелі қазақ тайпаларының басын қосқан қазақтың алғашқы хандары – Керей мен Жәнібек сұлтандардың билік құрған кезеңін қамтиды.

Айта кетсек, Youtube желісіне жүктелген «Алмас қылыш» фильмі 7 миллионға  жуық қаралым, сондай-ақ, Ресей, Түркия, Америка сынды басқа да   елдердің көрермендері қалдырған 12 мыңнан астам пікір жинаған. 

Қазіргі уақытта тарихи кинодастанның Netflix стриминг платформасында шығуы туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары