Қарағанды тұрғындары облыс әкімі Ерлан Қошановтың атына қайың орманын қорғауды талап еткен хат жолдамақ. Әзірге хатқа 80 адам қол қойған. Хаттың мәтіні Instagram әлеуметтік желісінде #рощаживи хэштегімен тараған деп жазады Азаттық.
2018 жылғы сәуір айынан бастап елімізде экология тақырыбына арналған телеарна жұмыс істейтін болады. Бұл туралы «Жаңартылған энергия көздері туралы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің концептуальдық негіздерін талқылау» атты республикалық ғылыми конференцияда «Байтақ Болашақ» РҚБ президенті Азаматхан Әміртай мәлім етті деп жазады ҚазАқпарат.
Оңтүстік Қазақстанда Елбасы сыйға тартқан бұхар бұғыларының басы 103-ке жетті. Нақтырақ айтсақ, бүгінде «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-нде 35 бас аналық, 46 бас аталық және 22 бас төл бұхар бұғысы өсірілуде.
Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясына қарасты Геология және геофизика институты Каспий итбалықтарының мүлдем жойылып кетуі мүмкін екенін айтты деп жазады Trend.
Қазақ жерін мекендейтін барыстардың Қазақстан фаунасынан толығымен жойылып кету қаупі күшейіп тұр. Соңғы онжылдықтар ішінде ел аумағында тіршілік ететін ілбістердің саны едәуір қысқарып, қазір небәрі 110-130 басты құрап отыр деп дабыл қағады Қазақ географиялық қоғамының өкілдері.