$ 498.34  519.72  4.85

Кәмелеттік жасқа толмаған қыз бен 21 жастағы жігіттің некесін қиған имам ұсталды

Бұл норманы бұзу 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қырғызстанның Шу облысы Ыстық-Ата ауданы Ивановка ауылында 21 жастағы жігіт пен 15 жастағы қыздың некесін қиған имам ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kақпарат порталы.

Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекция қызметкерлері жергілікті тұрғын 2002 жылы туған Н.Ш. мен 2008 жылы туған С.Н.-ның некеге тұру фактісін анықтады. Белгілі болғандай, діни рәсімді 1971 жылы туылған имам Р.А өткізген, деп жазады Stan.kz

Осы факті бойынша полицейлер Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы ("Діни рәсімдерді өткізу кезінде неке жасын белгілеу туралы заңнаманы бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ретінде күйеу жігіт пен имам ұсталып, екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қырғызстанда ресми некеге тұру жасы 18 жастан басталады. 2016 жылы кәмелетке толмағандардың діни жоралғыларды орындауына тыйым салатын заң қабылданды. Бұл норманы бұзу 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары