Израиль ӘӘК Дамаск және Алеппо халықаралық әуежайларына кезекті әуе соққысын жасады. Салдарынан екі адам зардап шегіп, әуе айлағы істен шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Kazinform жазуынша, Бүгін таңда жасалған шабуылдан Дамас әуежайының бір қызметкері қаза тауып, тағы бірі жарақат алды. Марқұм әуежайдың метеорология департаментінің қызметкері болатын.
Шамамен 05:25 кезінде израильдік қарсылас бір уақытта Жерорта теңізінен батысқа қарай Латакиядан және басып алынған сириялық Голан жақтан Дамаск және Алеппо халықаралық әуежайларына соққы жасады, - деп жазды агенттік.
Израильдік авиация шабуылы салдарынан екі әуежайдың да ұшу-қону жолағына зақым келіп, істен шықты. Сирия көлік министрлігі Дамаск және Алеппо әуежайларындағы тұрақты рейстердің бәрі халықаралық Латакия әуежайына ауыстырылатынын мәлім етті.
Кейінгі аптада Израиль әскері екі әуе айлағын істен шығару үшін бірнеше рет шабуыл жасады.
Кейінгі жылдары Израиль Сирияның үкімет бақылауындағы аудандарына жүздеген әуе соққысын жасады. Соған қарамастан Израиль билігі Сирия нысандарына шабуыл жасағанын көпшілік алдында мойындауы сирек. Олар мұндай операциялар Иран қаруы Тегеран қолдайтын қарулы топтардың қолына түспес үшін ұйымдастырылады деп ақталады.