$ 523.58  549.71  5.01

Туды өзгерту туралы заң қабылданды (ФОТО)

59 депутат қолдап, 5 депутат қарсы дауыс берді, деп мәлімдеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қырғызстан парламенті отырысында туды өзгерту туралы заң жобасын үш оқылымда қарап, талқылаусыз қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

59 депутат қолдап, 5 депутат қарсы дауыс берді, деп мәлімдеді 24.kg.

Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер және регламент комитетінің төрайымы Чолпон Сұлтанбекова заң жобасын екінші және үшінші оқылымда дауыс беруге парламенттік алты фракция мақұлдағанын айтты.

Туды өзгерту идеясы президент Садыр Жапаров ұсынған. Заң жобасының бастамашылары – Жоғарғы Кеңес спикері Нұрланбек Шәкиев пен депутат Ұлан Пірімов.

Атап айтқанда, сәулелердің пішінін өзгерту ұсынылады. Құжат авторлары туды өзгертуге республикалық бюджеттен шығын шықпайтынын баса айтады.

Өткен демалыста өткен Халық құрылтайында президент Садыр Жапаров бұл өз идеясы екенін мойындады. Ол Парламент басшысынан заң жобасына бастамашылық етуді сұрады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев те бұл өзгерісті қолдап, ту "күнбағысқа ұқсамай, жарқыраған күннің бейнесін беруі керек" деді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары