$ 494.87  520.65  4.91

Cobalt көлігінің газ баллоны жарылып, 3 жасар бала мерт болды

Қазіргі уақытта ІІБ жағдайға байланысты тергеу жүргізіп жатыр.

Фото: Науаи облысы IIБ
Фото: Науаи облысы IIБ

Өзбекстанның Науаи облысының Қызылтөбе ауданында Cobalt көлігіне орнатылған газ баллоны жарылған. Салдарынан жүргізуші жарақат алып, оның 3 жасар баласы ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап. 

24 желтоқсан күні сағат 09:50 шамасында Cobalt көлігі аудандағы дәмханалардың бірінің тұрағында болған. Сол кезде көлікте орнатылған метан газы баллонының жарылуы салдарынан жүргізуші мен оның 3 жасар баласы түрлі дене жарақаттарын алып, аудандық ауруханаға жатқызылған.

Жүргізушінің баласы аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Қазіргі уақытта ІІБ жағдайға байланысты тергеу жүргізіп жатыр, делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары