$ 439.43  473.31  4.82

Сирияда базарда жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапты

Жарылыс болған кезде базар Рамазан оразасының аяқталуын білдіретін Ораза айт қарсаңында саудаға толы болды.

Фото: bbc.com
Фото: bbc.com

Сирияның солтүстігіндегі Азаз қаласындағы орталық базарда бомба орнатылған көлік жарылып, кемінде жеті адам қаза тапты. Бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы BBC-ге сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде жерде жатқан мәйіттер, бүлінген ғимараттар мен өртеніп жатқан көліктің қаңқасы бейнеленген кадрлар пайда болды.

Түркия шекарасынан жеті шақырым жерде орналасқан шағын қалашықтағы бұл жарылыстың артында кім тұрғаны әзірге белгісіз.

Жарылыс болған кезде базар Рамазан оразасының аяқталуын білдіретін Ораза айт қарсаңында саудаға толы болды.

«Ақ дулығалар» еріктілер ұйымының құтқарушылары қаза тапқандар арасында екі бала бар екенін хабарлады.

Азаз қаласы Сирия президенті Башар Асадқа қарсы соғысып жатқан түрікшіл жасақтардың бақылауында.

Түрік әскерлері мен олар қолдайтын күштер Түркия шекарасына жақын Сирияның үлкен аумақтарын бақылауда ұстайды», - деп жазады BBC.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары