4,2 мыңнан астам адам, оның ішінде мыңнан астам бала эвакуацияланды. 12 елді мекенде энергиямен жабдықтау бұзылған.
Ресейдің Орынбор облысындағы Орск қаласында су бөгеті жарылып, төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz сайты.
Мектептерде уақытша орталықтар ашылып, тұрғындар сонда көшіріліп жатыр. 4 мың үйге қауіп төнді. Онда 11 мыңдай адам тұрады. Жайық өзеніндегі су деңгейі күрт көтеріліп, бөгет шыдас бермеген. Қазір, апат салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Орск қаласы Қазақстан шекарасына жақын орналасқан.
Жергілікті Telegram-арналардың жазуынша, Орынбор облысында су басу аймағына 2,5 мыңнан астам үй мен 6,8 мың үй учаскелері кіреді, деп хабарлады аймақ үкіметі.
4,2 мыңнан астам адам, оның ішінде мыңнан астам бала эвакуацияланды. 12 елді мекенде энергиямен жабдықтау бұзылған.
Аймақтық билік Орскідегі жағдайды ең қиын деп атады, онда үйінді бөгеті жарылған. Онда 600 тұрғын үй мен 1,4 мың жеке учаскені су басып, 700-ден астам адам эвакуацияланды.
Орск қаласындағы бөгет жарылып, Ақтөбе су қоймасынан су ағызу көлемі артып келеді, деп хабарлады жедел қызметтер. Алайда, облыстық билік мұндай деректерді растамайды.
Орынбор мэрі қала маңындағы кенттер тұрғындарын Жайық өзеніндегі судың көтерілуіне байланысты шұғыл эвакуациялауға шақырды.