10.04.2024, 12:20

Ресейде 37 өңір су тасқынынан зардап шекті

Фото: Алексей Орлов / Ведомости

Үш облыста төтенше жағдай режимі жалғасуда.

Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейден асып, 942 сантиметрге жетті. Салдарынан Орынбордың бірнеше ауданын су басты. 10 мыңтан астам үй су астына кетіп, мыңға жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жалпы Ресейдің 37 өңірі көктемгі су тасқынымен күресуде. Орынбор облысынан бөлек, Самара, Түмен, Қорған облыстары және Алтай өңірінде жағдай күрделі. Үш облыста төтенше жағдай режимі жалғасуда. Қазір төрт мыңнан астам су тасқынымен күресуде.

"Жағдай өте күрделі. Апаттың салдарымен күрес жалғасуда, арнайы комиссия құрылып, жедел желі іске қосылды. Төтенше жағдай кезінде азық-түлік, су қымбаттамайды", - деді Александр Куренков, РФ Төтенше жағдайлар министрі.

Тегтер: Су басу Ресей