23.04.2024, 11:20

Ресейдің Түмен облысында су деңгейі 11 метрге жетіп қалды

Фото: Pixabay

Билік бұл кейінгі 77 жылдағы ең алапат тасқын деп отыр.

Ресейдің Түмен облысында Есіл өзенінің деңгейі бұрын-соңды болмаған межеден асты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

Көрсеткіш 10 метр 64 сантимерге дейін көтерілген. Дегенмен құзырлы орындар қазір су деңгейі сәл төмендеді деп жатыр. Бірақ қауіп сейілмеген. Өңірдегі бірнеше елді мекенді су басуы мүмкін. Мамандар тасқын алдағы 2-3 күнде шарықтау шегіне жететінін ескертеді.

8-ші сәуірде осы Түмен облысында төтенше жағдай жарияланған. Билік бұл кейінгі 77 жылдағы ең алапат тасқын деп отыр.