$ 491.88  585.83  6.36

Таиландта атыс болды

Қауіпсіздік қызметкерлері тергеу жүргізу үшін оқиға орнын қоршауға алды.

Фото: usa_shka / instagram
Фото: usa_shka / instagram

Жексенбі күні Таиландтың оңтүстігіндегі Яла провинциясында атыс пен жарылыс салдарынан сайлау учаскесіндегі күзет қызметкері жараланды, деп хабарлайды Синьхуа. 

Таратылған мәліметке қарағанда, оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 16:35-те болған. Сайлау кезіндегі қауіпсіздікке жауапты әскери патруль тобына белгісіз біреулер шабуыл жасаған. Осыдан кейін бір адам жараланды. Қауіпсіздік қызметкерлері тергеу жүргізу үшін оқиға орнын қоршауға алды.

Айта кетейік, жексенбі күні Таиландта жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін Өкілдер палатасына (парламенттің төменгі палатасы) сайлау өтті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Таиланд #атыс