$ 474.47  541.37  6.08

Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2600-ге жуықтады

Елде 200-ге жуық ғимарат қирады.

Фото: Фото: REUTERS/MIGUEL MEDINA
Фото: Фото: REUTERS/MIGUEL MEDINA

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2595-ке жетті, 12 мыңнан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес жер сілкіністерінен 2595 адам қаза тауып, 12 мыңнан астам адам жарақат алғанын мәлімдеді.

1 шілдеде Делси Родригес жер сілкінісі құрбандарына жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Ол сол күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00–де күшіне енді.

Еске сала кетсек, 24 маусымда Венесуэланың солтүстігінде, астанасы Каракастың батысында 39 секунд аралығында 7,2 және 7,5 магнитудалы екі жер сілкінісі болды. Бұл 125 жылдағы елдегі ең қуатты жер сілкіністері болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0