Бұл туралы Украина Жоғарғы Радасының төрағасы Руслан Стефанчук мәлімдеді.
Украина президенті Владимир Зеленский елдің Жоғарғы Радасына премьер-министр қызметіне Сергей Корецкийдің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Украина Жоғарғы Радасының төрағасы Руслан Стефанчук мәлімдеді.
Премьер-министр лауазымына барлығы төрт кандидат қарастырылған. Олардың қатарында Украина энергетика министрі Денис Шмыгаль, қорғаныс министрі Михаил Федоров, Харьков қаласының әкімі Игорь Терехов және «Нафтогаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болған Сергей Корецкий бар.
Владимир Зеленский кеңесулердің қорытындысы бойынша үкімет басшысы қызметіне ең лайықты кандидат ретінде Сергей Корецкийді таңдағанын айтты.
Жоғарғы Рада 16 шілдеде жаңа премьер-министрдің кандидатурасы мен министрлер кабинетінің жаңа құрамын бекіту мәселесін қарайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жаңа үкіметтің құрамы негізінен айқындалған. Ең елеулі өзгерістердің бірі – қорғаныс министрі Михаил Федоровтың жаңа министрлер кабинетінің құрамына енбеуі.