$ 465.74  531.08  5.92

Сауд Арабиясының ханзадасы Лондонда өлі табылды

Бір анығы, қайғылы оқиғадан 3 ай бұрын ол Лондондағы жекеменшік клиникалардың бірінде ем қабылдаған.

Фото: ru.haberler.com
Фото: ru.haberler.com

Оның денесі 2025 жылдың 25 қарашасында Кенсингтон ауданындағы Marriott қонақүйінің жуынатын бөлмесінен көзге түскен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Ұлыбританияның The Telegraph басылымы жазып отыр. 

Десе де, бұл ақпарат БАҚ-та енді ғана жария болды.

Осылайша, Сауд Арабиясы король әулетінің мүшесі, 30 жасқа енді толатын  ханзада Абдулла бин Фахад бин Абдулла бин Абдулазиз бин Джалави әл-Сауд Лондондағы қонақүй бөлмесінде жан тапсырған болуы мүмкін.

Сараптама қорытындысына сай, ханзаданың қанындағы алкоголь мөлшері көлік жүргізушілері үшін рұқсат етілген деңгейден шамамен үш есе жоғары болып шықты. Сонымен қатар, ағзасынан гамма-гидроксибутират (GHB), каннабис және ксанакс препараттарының іздері анықталған.

Мамандар ханзадада созылмалы аурулар болмағанын алға тартады. Өлімге алкоголь мен есірткі заттарының өзара әсерінен туындаған жүрек қызметінің тоқтауы себеп болған көрінеді.

Бір анығы, қайғылы оқиғадан 3 ай бұрын ол Лондондағы жекеменшік клиникалардың бірінде ем қабылдаған. Басты себебі – алкоголь мен есірткіге тәуелділіктен арылу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0