23.07.2019, 09:43

Украинада алғаш рет қаранәсілді депутат сайланады

Фото: politeka.net
Жан Беленюк саясатқа келмес бұрын спортшы болған. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен оимпиада ойындарына қатысып, күміс медаль иеленген.

Украинаның Жоғарғы радасына алдын ала нәтиже бойынша, бірінші рет қаранәсілді депутат Жан Беленюк сайланды. Ол «Халық қызметшісі» партиясы атынан өтті, деп жазады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Алдын ала сайлау қорытындысы бойынша, Украина президентінің партиясы алда келеді. Бұл Беленюкқа депутат болуға мүмкіндік беріп тұр.

Беленюктің жасы 28-де, Киевте туған, анасы украин. Оның әкесі Руанда азаматы, 1994 жылы еліндегі азаматтық соғыс кезінде қаза тапқан.

Жан Беленюк саясатқа келмес бұрын спортшы болған. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен оимпиада ойындарына қатысып, күміс медаль иеленген.

Ол Еуромайдан оқиғасы алдында соншалықты патриот болмағанын айтады. Наразылық акцияларына қатыспаған. Бірақ экс-президент Петр Порошенкодан көңілім қалды дейді.