$ 443.85  474.3  4.8

Перудің батысында болған ірі жол апатынан 19 адам қаза тапты

Жолаушылар мінген шағын автобус тауға соғылған.

Перудің батысында болған ірі жол апатынан 19 адам қаза тапты. Бұл туралы 24.kz хабарлады. 

Жолаушылар мінген шағын автобус тауға соғылған. 

Белгілі болғандай, жолаушылар Перудің тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шарадан қайтып бара жатқан. 

Бүгін жол апатына қалың тұман мен жүргізушінің жылдамдықты шамадан тыс асыруы себеп болған деген болжам бар. Қазір жарақат алған тұрғындар ауруханада ем-дом қабылдап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары