$ 447.4  477.55  4.76

Тәртіп сақшылары есірткі таситын көгершінді ұстады

Болжам бойынша олар көгершінді есірткі тауарын немесе қылмыстық топ пен қамауда отырғандар арасында құпия хат-хабар жеткізу үшін қолданған.
Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24

Бразилия абақтысының тәртіп сақшылары есірткі таситын көгершінді ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы. 

Қолға үйретілген құстың арқасына ілінген шағын сөмкеде аймақтағы атышулы First Capital Command атты қылмыстық топтың белгісі бар. Болжам бойынша олар көгершінді есірткі тауарын немесе қылмыстық топ пен қамауда отырғандар арасында құпия хат-хабар жеткізу үшін қолданған. Алайда тергеу ісі әзірге еш нәтиже берген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары