$ 444.22  476.38  4.82

Шенеунік Facebook пен YouTube желілерін бұғаттауға бұйрық бергендердің түрмеге қамалғанын айтты

«Олар негатив көбейіп кетті деген оймен бұғат қойған. Facebook пен YouTube-ті бұғаттау арқылы негативті азайтуға болады деп ойлаған», — деді Алламжанов.
Фото: news24online.com
Фото: news24online.com

Өзбекстанда Facebook пен YouTube веб-ресурстарын бұғаттауға бұйрық бергендер қазір түрмеде отыр. Бұл туралы Ақпарат және бұқара коммуникация агенттігінің басшысы Комил Алламжанов видеоблогер Кирилл Альтманға берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

«Олар негатив көбейіп кетті деген оймен бұғат қойған. Facebook пен YouTube-ті бұғаттау арқылы негативті азатуға болады деп ойлаған. Мен бұған келіспедім. Мен негативпен контраргументтер, контрфактілермен күресу керек екенін айттым», — деді Алламжанов.

Өзбекстанда биыл 19 ақпанда YouTube пен ВКонтакте қайта жұмыс істей бастады. Әлеуметтік желілер онда 2018 жылы қыркүйекте белгісіз себептермен бұғатталған. Көптеген өзбекстандықтар бұл сервистерге VPN арқылы кіруді үйренді.

Аталған сайттар неге бұғатталғаны туралы ресми ақпарат жарияланбады, бірақ шенеуніктер оны телекоммуникациялық құрылғыны қайта іске қосу және криптографикалық кілттерді алмастырумен байланыстыруға тырысқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары