$ 498.34  519.72  4.85

Қытай: үш миллион тұрғын жарақат алып, 18 адам қайтыс болды

Тағы 14 адам хабар-ошарсыз кетті.
Фото: politeka.net
Фото: politeka.net

«Лекима» тайфуны Қытайдың шығысында болды. Табиғи апат салдарынан 18 адам қайтыс болды, тағы 14 адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды Stan.kz Қытайдың Орталық теледидарына сілтеме жасап.

БАҚ-тың хабарлауынша, шұғыл іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Тайфун Қытайдың шығысындағы Вэньлин қаласының маңында Чжэцзян жағалауында болды.

Желдің максималды екпіні секундына 52 метрге жетті. Жұма күні таңертең Қытайдың Орталық метеорологиялық қызметі супер тайфунның жақындауына байланысты «қызыл» деп жариялады.

Үш миллионнан астам адам түрлі жарақаттар алған. Бір миллионнан астам тұрғын эвакуацияланды. Кем дегенде 200 тұрғын үй қирады, тағы 3,2 мың ғимарат түрлі шығындарға ұшырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары