$ 494.87  520.65  4.91

34 жасқа «қартайған»: 900 мың теңгеден астам қаржыны иеленген алаяқ шенеунік ұсталды

30 жастағы ер адам 34 жасқа «қартайып», 1985-1996 жылдары ұжымдық шаруашылықта істеді деп жазылған жалған еңбек кітапшасын сатып алады.

Дағыстандағы Кулецма ауылы басшысының орынбасары зейнетақы алу үшін жасын ұлғайтып алған. Бұл туралы Левашин ауданының прокуратурасы хабарлады, деп жазады Sputnik, РИА Новостиге сілтеме жасап.

Полиция мәліметіне сүйенсек, 30 жастағы ер адам 34 жасқа «қартайып», 1985-1996 жылдары ұжымдық шаруашылықта істеді деп жазылған жалған еңбек кітапшасын сатып алады.

Былтыр жыл басында ол еңбек зейнетақысын тағайындау туралы өтініш жазып, алаяқтық жолмен 155 мың рубльден астам (900 мың теңгеден астам) қаражат алған.

Қазір шенеунікке қатысты алаяқтық туралы бапқа сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Жалған құжат берген орган қызметкерлері қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және жалған әрекетке барды деп айыпталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары