Әлем 23.08.2019 сағат 14:55

Тропикалық ормандар түгел өртенуде

Бразилияда 2019 жылдың сегіз айында 75 мың орман өрті шықса, бұл көрсеткіш 2018 жылы 39 759 болған.
Тропикалық ормандар түгел өртенуде
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бразилия Федеративтік Республикасының тропикалық ормандарында мыңдаған өрт ошағы жалындап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат, BBC-ге сілтеме жасап.

Бразилия ғарыш агенттігінің дерегіне сәйкес, биыл Амазония тропикалық ормандарындағы өрттің саны рекордтық деңгейге жеткен. Әсіресе, Бразилиядағы Рорайма, Акри, Рондония, Амазонас және Мату-Гросу-ду-Сул штаттары қатты зардап шеккен.

Бразилия ұлттық ғарыш зерттеу институтының спутниктік деректері көрсетіп отырғандай, өрттің саны былтырғыдан 85%-ға артқан. Ресми мәліметтерге сәйкес, Бразилияда 2019 жылдың сегіз айында 75 мың орман өрті шықса, бұл көрсеткіш 2018 жылы 39 759 болған.

Өрттен елдің солтүстігі қатты зардап шеккен. Атап айтқанда, өрт саны солтүстік Рораймада – 141%, Акри батыс штатында – 138%, Рондония батыс штатында – 115%, солтүстік-батыстағы Амазонас штатында 81%-ға көбейген. 

Бразилияның ірі штаттарының бірі Амазонаста төтенше жағдай жарияланды. Оңтүстік-батыстағы Мату-Гросу-ду-Сул штатында өрт көлемі 114% артқан. 

Белсенділердің айтуынша, Бразилия президенті Жаир Болсонарудың сөздері орманды оңды-солды отауды көбейтіп отыр. Өз кезегінде жаһандық жылыну теориясын бұрыннан мойындамайтын Жаир Болсонару үкіметтік емес ұйымдарды өзінің үкіметіне зиян келтіру үшін орманды әдейі өртеп отыр деп айыптады. Кейінірек ол үкіметтің жалынмен күреске ресурстар жетпей жатқанын айтты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар