$ 441.66  475.14  4.86

Тоқаев Лукашенкоға жеделхат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкоға зор денсаулық, амандық және бауырлас Беларусь халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенконы мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенконың 65 жасқа толуына орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан президенті Беларусь елінің басшысына мемлекет құру ісі және ЕАЭО аясындағы ықпалдастықты дамытудағы айрықша еңбегін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкоға зор денсаулық, амандық және бауырлас Беларусь халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тоқаев