10.09.2019, 09:40

1,4 миллион дизлайк: Тиматидың «Москва» атты әні ресейліктердің ашуына тиді

Ол клип арқылы ешкімді ренжіткісі келмегенін және Мәскеуді жақсы көретінін атап өткен.

Рэп әншісі Тимати ресейлік YouTube желісінде дизлайк жинаудан рекордтық көрсеткішке ие болған «Москва» әніне түсірілген бейнеклипті өшіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Мен резонанстық пікірлердің негатив арқылы қабылданатынын түсінемін. Бұл жерде артық кетті», – дейді Тимати.

Әнші адамдарды «негізсіз ұстап отыра алмайтынын» айтып, видеоны өшіретінін хабарлаған. Ол клип арқылы ешкімді ренжіткісі келмегенін және Мәскеуді жақсы көретінін атап өткен. Еске салайық, Тимати мен Гуфтың «Москва» атты әніне түсірілген клип қала күніне орай 7 қыркүйекте YouTube желісіне жүктелген. Қазіргі таңда клип 1,4 миллион дизлайк пен 86 мың лайк жинаған.

Тегтер: Москва Тимати