$ 494.87  520.65  4.91

«Мұхаммед пайғамбардың соңғы елшісімін»: қырғыз қызы өзіне аян берілгенін мәлімдеді

Түсінде маңдайына «Махди» деген сөз жазылып, қасына қара, үлкен мөр басылған.

Бішкек тұрғыны Мээрим Черикбаева өзін қазір бүкіл әлем аңтарылып, іздеп жатқан Мұхаммед пайғамбардың соңғы елшісі – Махди екенін (Махди – ақыр заман таяғанда жер бетіне жіберілетін Мұхаммед пайғамбардың соңғы елшісі) айтты. Ол бұл туралы бүгін арнайы өткен баспасөз мәслихатында мәлім еткен.

Zakon.kz-тің АКИpress-ке жасаған сілтемесіне сүйенсек, «аян берілген» қырғыздың жасы – 33-те. Өз айтуынша, ол ел қатарлы біреуден ілгері, біреуден кейін өмір сүріп жатқан. Бірақ 8 жыл бұрын бегісіз дертке шалдығып, қатты ауырыпты. Дәрігерлер оған нақты диагноз қоя алмаған. Осы уақыт аралығында қыз ешкіммен сөйлеспей, тіпті, жұмыс істеуге жарамай, қала сыртына көшуге мәжбүр болған.

2015 жылы оған аян беріліпті. Түсінде маңдайына «Махди» деген сөз жазылып, қасына қара, үлкен мөр басылған.

«Ондай мөрді маған ғана басқан. Сол кезден бастап мен Махдидің аурасымен өмір сүремін. Бұрын намаз оқушы едім, қазір оны қойып кеттім. Сол түсті көргеннен кейін. Намаз оқып жүргенімде маңдайымнан жарық сәуле шығатын. Қазір ол жоғалып кетті», - дейді Мээрим.

Ол өзінің 8 жыл бойы жападан-жалғыз тұрғанын айтады. «Махди аурасы берілгелі» ол, тіпті, достарымен де, туған-туыстарымен де сөйлесуді қойған. Өйткені, өзіне көз тие ме деп қорқады екен. Сондықтан адамдарға көп жақындай алмайды.

«Мен ары қарай тығыла алмаймын! Менің міндетім – айту. Оны ел шешсін, басқа Махди енді болмайды!» – деп салды ол баспасөз мәслихатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары