$ 448.56  478.03  4.79

EXPO-2020 аумағына күмбез қойылды

Келушілер бұл нысанға шығып, 360 градуста қаланы тамашалай алады.

Дүниежізілік көрме келер жылдың 20 қазанында Біріккен Араб Әмірліктерінде ашылады. 550 тоннаны құрайтын алып күмбез көрме павильонының дәл ортасына орналасты, деп хабрлайды 24.kz.

Келушілер бұл нысанға шығып, 360 градуста қаланы тамашалай алады. Күмбезді құруға 800-ге жуық инженер мен техникалық мамандар тартылған. Біріккен Араб Әмірлігі билігінің айтуынша жаңа құрылыс нысаны Парсы Шығанағының жағалауында орын тепкен архитектуралық көрнекі жерге айналмақ.  

"Бұл жобаға барлығы 33 нысан кіреді. Инфрақұрылым 100 процентке дайын. Тақырыптық бөлімдерді осы жылы толығымен аяқтадық. Ол 87 ғимараттан тұрады. Әрқайсысына жасалған жұмыс туралы сертификат алынды. Павильондар, конференц-зал, көрме орталықтары және халықаралық ауылда жақын арада дайын болады", - деді ЭКСПО-2020 құрылыс жұмыстарының жетекшісі Ахмед Аль-Хатиб.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#EXPO