$ 494.87  520.65  4.91

Парижде сары жейделілер тағы да шеруге шықты

Бірақ бұл жолы сары жейделілер үстеріне осы бір киімді кимей шықты.

Жазғы тыныштықтан кейін сары жейделілер Париж көшелеріне қайта оралды. Осымен 45-мәрте ұйымдастырылып отырған шара шаһардың көп бөлігінде жүрді, деп жазады 24.kz.

 Бірақ бұл жолы сары жейделілер үстеріне осы бір киімді кимей шықты. Осыған қарамастан тәртіп сақшылары 2-3 сағаттың ішінде 90 адамды қамауға алды. Жалпы наразылық шарасы кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауға 7 жарым мың полицей мен арнайы бөлім сарбаздары жұмылдырылған. 

Шеруге қатысушы:

- Мен осымен сары жейделілердің 45-шеруіне қатысып тұрмын. Бірақ өрескел әрекеттерге барып, тәртіпсіздіктерге жол берейін деген ниетім жоқ. Тек 5 жастағы немеремнің болашағы үшін көшеге шықтым. Біз жастарымыздың жарқын болашағы үшін күресуіміз керек деп ойлаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары