Австралияның Квинсленд штатында питон өзінен тым үлкен қолтырауынды бүтіндей жұтып қойған. Дәл осы сәтте жыланның қолтырауынды жеп жатқан көрінісін Мартин Мюллер есімді адам суретке түсіріп алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, shok-inform.ru-ға сілтеме жасап.
Ол түсірген суреттерін Facebook-тегі жабайы жануарлар туралы «GG Wildlife Rescue Inc» парақшасына жариялады.
Мюллер ол суреттерді Иса тауының маңында қайықпен өтіп бара жатқанда түсірген. Желіде питон жыланының ірі әрі тірі қолтырауынды жұтып жатқаны туралы қызықты суреттерге көпшілік таңғалып қарады. Бұл - сирек кездесетін оқиға.