Ұлыбританияның Кумбран қаласының тұрғыны өзіне бүйрек трансплантациясы жасалғаннан кейін тәтті тағамдар әзірлеуге деген құштарлығы пайда болғанын айтады.
Бұл туралы «The Mirror» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
37 жастағы Стефани Морс отаға дейін анасы пісірген бәліштерді сүйіп жегенін айтты. Алайда мұндай тәттілерді әзірлеуге деген ынтам болған емес, дейді. Бір қызығы, оған туысының бүйрегі алмастырылғаннан кейін, әйелдің аяқ астынан тәттілерді әзірлеуге деген құштарлығы пайда болыпты.
Морстың сөзінше, ол отадан кейін оянған бойда түрлі тәттілерді дайындағысы келген.
«Мен бәліш, тәтті нан, кекстердің суретін салып, ішіне салатын салмалардың тізімін жаздым», - дейді ол.
Стефани ауруханадан үйіне шыққаннан кейін бірден қажетті өнімдерді сатып алып, таңқурай чизкейк тағамын әзірлепті.
Морстың 62 жастағы анасы қызының мұндай қызығушылығы пайда болғанына қатты қуанған. Ендігі олар бірге жиі тәттілер әзірлейді екен.
Ал, дәрігерлер әйелдің бойында болған өзгеріске қатысты пікір білдірмеді.