$ 448.15  483.46  4.86

Kaspi Bank акционерінің мүлкіне арест салынды

Сот шешіміне сәйкес, кәсіпкердің әйелі мен бала-шағасы тұрып жатқан пәтерлер де арест қойылған. Калви адвокаты сот шешімін апелляцияға беретінін айтты.

Baring Vostok қорының негізін қалаушы, Kaspi Bank акционері Майкл Калвидің Ресейдегі бар мүлкіне арест қойылды. Бұған қоса америкалық кәсіпкер ісі бойынша айыпталған өзге азаматтардың да мүлкіне арест салынды. Бұл ақпаратты қор өкілдері мен инвестор заңгеріне сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

Сот шешіміне сәйкес, кәсіпкердің әйелі мен бала-шағасы тұрып жатқан пәтерлер де арест қойылған. Калви адвокаты сот шешімін апелляцияға беретінін айтты.

52 жастағы Майкл Калви биыл ақпан айында қамауға алынған. Тергеушілер кәсіпкерді "Восточный" банкінен 2,5 миллиард рубль ұрлау үшін алаяқтық схема құрды деп айыптады. Іс осы банктің директорлар кеңесінің мүшесі Шерзод Юсуповтың арызы бойынша қозғалған. Калви тағылған айыптарды жоққа шығарып, қылмыстық істі "банк акционерімен арадағы корпоративті даумен" байланыстырған. Калви біраз уақыт тергеу изоляторында отырды, кейіннен үйқамаққа ауыстырылды.

Бұған дейін қаржы сараптамасы жүргізіліп, Калви мен өзге айыпталушылардың әрекетінен қылмыстық әрекет таппаған.

Есеп комитетінің басшысы Алексей Кудрин "Калвидің қамалуы экономикаға теріс әсер етіп, Ресейге келетін капиталды еселеп азайтты" деген.

Ресейде 25 жыл бұрын құрылған "Бэринг Восток" қоры 3,7 миллиард доллардан астам капитал жинап, бірнеше елдегі 80-ге жуық жобаға, соның ішінде Қазақстандағы Kaspi Bank-ке инвестиция салған. 2018 жылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша, "Бэринг Восток" қоры Қазақстандағы Kaspi Bank-тің 39,5 пайыз акциясына иелік етеді. Бұған дейін Kaspi Bank акционерлерінің бірі Михаил Ломтадзе америкалық кәсіпкердің қамалуының қазақстандық Kaspi Bank жұмысына әсері жоқ деп мәлімдеген.

Азаттық радиосы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары