$ 494.87  520.65  4.91

Австралияда жеміс-жидектерден қауіпті ине табылды

Бақша өнімдерін сатып алған тұтынушы қауіпті бұйымды дер кезінде байқап қалды.
фото: https: thebigsmoke.com.
фото: https: thebigsmoke.com.

Австралияда осымен қатарынан үш ай бойы жеміс-жидектердің ішінен тігін инесі шығуда. Бұл жайлы Skifnews.kz ақпарат порталы mignews.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.

 Бұрын инелерді құлпынайды ішіне тықса, сатушылар енді жаңадан піскен иенелердің ішіне инелері тығып сатып жатқаны анықталды.

Бақша өнімдерін сатып алған тұтынушы қауіпті бұйымды дер кезінде байқап қалып, еш зардап шекпеген. Ал, ішіне жасырынған инесі бар құлпынай сатып алған басқа бір әйел болса, бір күн бойы уақытын ауруханада өткізген. Мейірбикелер оның денсаулығын тексеріп, организміне иненің бөлшектері түскен-түспегенін анықтады деп жазады TheBigSmoke.

Дәл мұндай жағдай Австралияда 2018 жылы болған. Ол кезде полиция қызметкерлері жеміс—жидектердегі «қауіпті тосынсый» авторын оңай тауып алған еді. Сол бір оқиға кезінде құлпынай ішіне тігін инелерін жеміс-жидек сататын өндірістік компаниялардың бірінің жұмысшысы қалдырғаны анықталған. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары