$ 494.87  520.65  4.91

«Дұрыс шешім деп ойлаймын»: 9 жастағы балаға 5 адамның өліміне «кінәлі» деген айып тағылды

6 сәуір күні жеткіншек жылжымалы үйге өрт қойған.
фото: inshatura.ru
фото: inshatura.ru

Қайғылы оқиға АҚШ-тың Иллинойс штатында болған. Жас жеткіншек 5 жылға дейін сотталуы мүмкін, деп хабарлады РИА Новости-ға сілтеме жасап Baq.kz.

Иллинойс штатының прокуроры Грег Мингердің айтуынша, штаттың кішкентай тұрғыны 5 адамның өліміне кінәлі және қасақана өрт қойды деген күдікке ілінген. 

Peoria Journal Star басылымының ақпаратына сәйкес, 6 сәуір күні жеткіншек жылжымалы үйге өрт қойған. Салдарынан тілсіз жаудан 5 адам қаза тапқан, оның 3-еуі бала. Екі адам құтқарылған.

Өрт 23.00-де басталған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде, үй лапылдап жанып жатқан.
Мингердің сөзінше, кішкентай балаға айып тағу оңай болмады. 

«Бұл жантүршігерлік оқиға. Жас жеткіншек өте ауыр қылмыс жасады деп айыпталуда», - деп айтты ол.
Егер бала сотталатын болса, ол 5 жыл сынақ мерзімімен бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Баланың жасын ескере отырып, сынақ мерзімін беру - дұрыс шешім деп ойлаймын», -  деді прокурор.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары