14.10.2019, 14:15

Газ балоны жарылысынан адамдар үйінді астында қалып, 10 адам ажал құшты

фото: inform.kz
Құрбандар саны өсуі мүмкін, себебі бірнеше адам ғимараттың ішінде, үйінді астында қалып қойған. Қазіргі таңда үйінді астынан адамдарды шығару үшін құтқару операциясы жүріп жатыр

Үндістанның Уттар-Прадеш штатының Моххамадабад қаласындағы тұрғын үй пәтерлерінің бірінде газ баллоны жарылып, екі қабатты ғимарат құлады. Салдарынан кем дегенде 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат India Today-ге сілтеме жасап. 

PTI ақпараттық агенттігі, атап айтқанда, бас хатшысы Аваниш Авастхи аталмыш ақпаратты растады. Оның айтуынша, қазіргі таңда жарылыс салдарынан көз жұмғандар саны 10 адамды құрап отыр. Сондай-ақ, 15 адам ауыр жарақат алған. 

Құрбандар саны өсуі мүмкін, себебі, бірнеше адам ғимараттың ішінде, үйінді астында қалып қойған. Қазіргі таңда үйінді астынан адамдарды шығару үшін құтқару операциясы жүріп жатыр. Үндістанның Уттар-Прадеш штатының бас министрі Йоги Адитьянат тиісті тұлғаларға жараланған адамдарға қажет медициналық көмекті көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ, ол көз жұмғандардың отбасына қайғырып көңіл айтты.