$ 494.87  520.65  4.91

Сириядағы тұтқын әйелдер Путиннен көмек сұрады

Мамыр айында Ресейдің ІІМ Сирия, Ирак және Ауғанстандағы содырлар лагерінде шамамен 3,5 Ресей азаматы барын айтқан.

Сирияның солтүстігінде содырлардың отбасылары тұрған лагерьде тұтқында болған бір топ әйел Ресей шенеуніктеріне үндеу жолдап, Ресейге оралуына көмектесулерін сұрады. Бұл ақпаратты РБК сайты хабарлады. РБК-ға әйелдердің өтініші жазылған жазбаны Шешенстан басшысы жанындағы адам құқығы жөніндегі кеңестің мүшесі Хеда Саратова берген.

Қазан айының басында Түркия Сирияның солтүстігінде күрдтерге қарсы әскери операция бастаған кезде күрдтер бақылауындағы лагерьден шамамен 50 орыс әйелінің қашып шыққаны туралы хабар тараған. Жазбалардың бірінде өзін Юлия Крюкова деп таныстырған әйел Ресей президенті Владимир Путин, омбудсмен Татьяна Москалькова және Хеда Саратовадан елге оралуына көмектесулерін сұрайды. Оның айтуынша, лагерьде тұрып жатқан әйелдердің бір бөлігі ИМ тобына қайта оралғысы келеді.

Тағы бір аудиожазбада бірнеше әйел Айн-Исса түрмесінен қашып шығып, түріктер бақылауындағы аумаққа өтуге тырысатынын жеткізген. Хеда Саратованың айтуынша, қазір Сирия солтүстігінде бас сауғалап жүрген әйелдер Сириядағы ИМ террористік тобына қосылған күйеулеріне ілескеніне өкінеді.

Мамыр айында Ресейдің ІІМ Сирия, Ирак және Ауғанстандағы содырлар лагерінде шамамен 3,5 Ресей азаматы барын айтқан. Олардың шамамен 700-і - әйелдер. Олар қақтығыс ошақтарына күйеулерімен бірге барған.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Сирия