$ 447.4  477.55  4.76

Солтүстік Ирландияда енді түсік жасау қылмыс емес

Аборт жасауға тек әйелдің өміріне қауіп төндірген жағдайда ғана рұқсат берілетін.
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Солтүстік Ирландия түсік (аборт) жасауды қылмыстар қатарынан алып тастап, бір жынысты некеге рұқсат берді. Біріккен патшалықта жасанды түсікке тыйым салған жалғыз Солтүстік Ирландия еді. Тиісті заң 22 қазанда күшіне енді, деп жазады BBC News. 

Осы күнге дейін Солтүстік Ирландияда жүктілікті үзу жеке тұлғаға қарсы қылмыс саналып келді және аборт жасағандар қылмыстық жазаға тартылатын еді. Аборт жасауға тек әйелдің өміріне қауіп төндірген жағдайда ғана рұқсат берілетін. 

«Енді Солтүстік Ирландия билігі жүктілікті үзу қызметін ұсыну ережесін жасауы керек. Бұл процесс наурыз айына дейін жүргізілмек. Ал бір жынысты неке туралы заң 2020 жылдың 13 қаңтарына дейін қабылданады деп жоспарлануда» деп жазады басылым. 

Автордың айтуынша, патшалықтың басқа өңірлерінде — Англия, Шотландия және Уэльсте бір жынысты некеге 2014 жылы рұқсат берілген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ирландия