$ 443.85  474.3  4.8

Конгода жантүршігерлік жол апаты боп, 22 адам мерт болды

Әзірге толыққанды ақпарат жоқ.
Фото: France Presse
Фото: France Presse

Конго Демократиялық Республикасындағы жантүршігерлік жол апатында кем дегенде 22 адам қаза тапты. Бұл туралы France Presse агенттігі хабарлады. 

Елдің оңтүстік-шығысындағы Танганьика провинциясында қалайы рудасы тиелген жүк көлігі аударылып, апат салдарынан кем дегенде 22 адам қаза тапқан. 

Полицияның мәлімдеуінше, он шақты адам жарақат алған, олардың көбі хал үстінде жатыр. 

Әзірге толыққанды ақпарат жоқ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Конго