Украина президенті Владимир Зеленскийді орнынан «кетіргелі» жатыр деп мәлімдеді бұрынғы әділет министрі Елена Лукаш, деп хабарлайды zakon.kz, РИА Новостиге сілтеме жасап.
Зеленскийді президенттіктен айырғысы келетін кейбір саяси күштер іске кірісіп жатыр. Бұған себеп – Донбасста күштердің бөлінуі. Экс-министр мұның ақыры бітімгершілік процесімен, яғни «капитуляция» түрінде президент өкілдігін өз еркімен тапсыратын шығар деп есептейді.
«Зеленскийді құлатуға тырысады. Себептері мықты: капитуляция болатын шығар. Міне, шайқап бастады, әне, шайқалды», - деді Лукаш.
Сонымен бірге, ол Зеленскийдің арқа сүйер әскери күші жоқ екенін баса айтты.