Әлем 06.11.2019 сағат 21:35

Бүлдіршіннің жанынан көрінген елестің қолы желідегілердің зәресін алды (ВИДЕО)

Желіде жарияланған видеодағы кадрдан әкесі кішкентай қызын шкафтан шығуға көндіріп жатқаны байқалады.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мексикалық Мария Хосе есімді кішкентай қыз баланың ас бөлмесіндегі шкафқа кіріп, ойнап жатқаны бейнеленген видео желіде тарап кетті. Бейнежазбаны қыздың әкесі түсірген. Кадрдан бүлдіршіннің арт жағынан аппақ қолдың көрініп, кейін лезде жоқ болып кеткенін аңғаруға болады деп хабарлайды paranormal-news.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Желіде жарияланған видеодағы кадрдан әкесі кішкентай қызын шкафтан шығуға көндіріп жатқаны байқалады.

Сол мезетте қыз баланың бет тұсынан әлдеқандай ақ түсті қол шығып, қайта жоқ болып кетеді. Бір қарағанда ол қызбен жасты баланың қолына ұқсайды.

Желі қолданушылары видеоның қолдан жасалғанын, шындыққа жанаспайтынын жарыса жазуда. Алайда видео авторы Джесс Рамирес бейнежазбаны еш түземегенін, монтаж жасамағанын айтып, сендіруде.

Оның сөзінше, ол видеоны отбасы мүшелеріне көрсеткенде бір-ақ тосыннан шыға келген ақ қолды байқапты.

Видео көптеген мексикалықтардың үрейін ұшырды. Себебі олардың аңыздарында елестер кішкентай балаларды үйдің жасырын жерлеріне тығылуға итермелейді екен.

Олар мұны балаға қастандық ойлағандықтан емес, тек оңаша жүріп шаршағаннан жасайды деседі. Алайда оларды үлкендер емес, тек кішкентай балалар көреді мыс.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар